​Муковисцидоз диагнозы қойылған баланың анасы жұмысқа кіре алмай жүр

24 қаңтар, 15:34

Шымкент тұрғыны Вера Смирнова муковисцидоз диагнозы қойылған балаларға биліктің назарын аударуға тырысып келеді. Ол сондай балаларды емдеуге грант және дәрі-дәрмекпен бөлуді сұрап, өтініш жасаған. Таяуда Вера отандастарынан өзіне үйде істейтін жұмыс сұрады. Оған жыл сайын баласын оңалтуға Мәскеуге апару керек. Сондықтан көмек сұрау емес, қаржыны өзі тапқысы келеді.

«Мен компьютерлік қызметке, бала күтуге байланысты үйде істейтін кез келген жұмысты іздеймін. Басқа да ұсыныстарды қарастырамын. Өзім «Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» қоғамдық бірлестігінде тұрамын және Шымкенттегі осындай науқас балаларға жауаптымын. Айта кетейін, барлық облыспен салыстырғанда мен қарауға алған балалардың саны көп – 24 адам», - дейді Вера.

Баласының дертімен үнемі күресу бұл азаматшаны қатаң тәртіпке, ал басқарушы органдармен дәрі-дәрмекке қол жеткізу үшін үнемі айтысу билік өкілдерімен, журналистермен тиімді сөйлесуге үйретті, сонымен қоса баланың мүддесі мен құқықтарын қорғауды білді, құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйренді. Вера Смирнова мұндай ептілігі қажетіне жарайтынына сенімді, сондықтан үйде жұмыс істей аламын деп отыр.
«Шымкенттегі науқас балалар менің жұмысымның нәтижесінде қажет дәрі-дәрмектің барлығына қол жеткізеді, тіпті қосымша тамақ алады. Оларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан бойынша ең үздік нәтиже бізде. Мен балаларға жақсы қарай аламын, сол үшін өз балаларыңызды уайымдамасаңыз болады», - дейді әйел.
Вера өзінің анкетасын фейсбуктегі парақшасында жариялады және жұмыс таба алатынына сенеді. Ұлын емдеуге қажет тұрақты табыс көзін тапсам дейді. Қала тұрғындары бұл анкетаны бір-біріне жолдауда, дегенмен, Вераға жұмыс беруші әлі табылған жоқ.