ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында өңірлердегі инфляция мәселесін көтерді және жағдайдың белгіленген шектен шығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Мамин әкімдерге азық-түлік бағаларын өсірмеуді тапсырды.
«Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында инфляцияның аздаған өсімі байқалады. Бұл негізінен агороөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен болып отыр. Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің көп уақыты, сондықтан бағалар арзандатылуы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысының қорытындысында.