Оған вице-премьерден бөлек Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инсвесторлар қатысты.
Вице-премьер Асқар Мамин шығыс моншасының іргетасымен құттықтап, сапалы жұмыс жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.
Айта кетейік, шығыс моншасы тарихи сәулет үлгісінде салынады. Оның құрылысына Қызылорда облысы тапсырыс берген. Аумағы - 1730 шаршы метр. Құрылыстың мердігері «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС компаниясы. Монша құрылысын 2019 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.