Алматыда танымал вайнердің көлігін тонап кетті

14 маусым, 15:00

​Алматыда Yuframe паблигінің танымал вайнері Карина Оксукпаеваны тонап кетті. Вайнердің желі парақшасында тас-талқаны шыққан көліктің видеосы пайда болды. Видеодан екі көлікке нұқсан келгенін көруге болады.

"Бәрін ұрлап кеткен, өкінішті. Екі көліктің тас-талқаны шыққанын көріп жағамды ұстадым. Ал полиция жай ғана келе салмайды. Сұрағы көп. "Сіз қайда тұрасыз? Не жағдай болған?" Осындай сұрақтың астына алып, телефон тұтқасын тастай салады", - деп шағымданды вайнер құқық қорғау органдарының жұмысына.
Сәл кейінірек оқиға орнына полицейлердің келген сәтінің видеосы пайда болды.