Шымкенттік оқушылардың төбелесі туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
9 қыркүйек күні сағат 13.50 шамасында полицияға Теріскей шағын ауданында жастара расында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген патрульдік нарядтар құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Төбелес кезінде 16 жасар жасөспірім дене жарақатын алған. Атыс фактілері расталып отырған жоқ. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
"Қылмыс жасады деген күдікпен екі кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстауа абақтысына қамауға алынып, олардан пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленді.
Сондай-ақ, полиция басқармасына 17 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіліп, олардың құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Жасөспірімдер арасындағы қақтығысбір-бірін жақтыртпау салдарынан орын алғаны анықталды" делінген ПД баспасөз хабарламасында.