Оқыс оқиға Маңғыстау облысының Шетпе кентінде болған.
Жүк көлігінің жанып жатқан видеосы желіге тарады. Полицияның ақпаратынша, өрттің тұтануына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Машинаның кабинасы толықтай жанып кеткен, ал тіркемесіне зақым келмеген.