Маңғыстауда Жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем қызметіне Бейнеу ауданының тұрғындарынан сарышаян шақты деген шағымдар түсуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 және 17 жастағы қыз бала мен 62 жастағы ер адамды шаян шаққан. Олардың барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Тұрғылықты жері бойынша дәрігерден кеңес алып отыратын болады.
Айта кету керек, соңғы екі күнде Маңғыстау облысында сарышаяннан 10 адам зардап шеккен. Оның жетеуін бір түнде шаққан.