Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жолаушылар жол-көлік оқиғаларына арналған ерекше ескерткішті тамашалай алады.
Инсталляцияны Маңғыстау облысының полициясы орнатқан.
Ескерткіш Ақтау – Жаңаөзен тас жолының жиегінде жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салу үшін орнатылған. Инсталляциядағы көлік - осы жерде жол апатына ұшыраған жол талғамайтын көлік. Сол кезде аударылып кеткен машинада үш адам болған, үшеуі де дін аман.
"Жол-көлік
оқиғасы бұрын орын алған, бірақ біз
жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін
бұзудың салдары туралы ескерту ретінде
осы автомобильді
орнатуды шештік", - деп түсіндірді
полицейлер.