"Kazakh TV" арнасының жаңа директоры болып Майя Бекбаева тағайындалды.
Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірді. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне халықаралық журналистика факультетіне түсіп, қызыл дипломмен аяқтады.
12 жасында "Пульс времени" газетінде тілші болып жұмысбастады. Теледидарға 2000 жылы, алдымен журналист атанды, содан кейін Алматыдағы "Шахар" телеарнасының жаңалықтар қызметінің жетекшісі болды. 2005 жылы Майя журналист, кейін алматылық "Таң"телеарнасының шеф-редакторы болды. 2009 жылы "Қазақстан"РТРК жұмысқа кірісті. 2012 жылы "Жетінші арна" ұжымының қатарын толықтырды. 2016 жылдан бастап "Хабар" агенттігінің телеарналарында бірқатар бағдарламалардың жүргізушісі болды. Тұрмыста, екі баласы бар.
"Kazakh TV" - Қазақстан Республикасының тұңғыш ұлттық спутниктік телевизиялық арнасы. Арна алғаш рет 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet деп аталалып, теледидардан хабар таратуды бастады. "Kazakh TV" - бұл Қазақстан, оның мәдениеті, тарихы, дәстүрлері туралы имидждік арна. Бұл Еуропа мен Азияның тоғысындағы жаһандық Қазақстанды көрсететін телеарна. Арна 118 елдің аумағында 5 тілде сигнал береді.