Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайты арқылы қазақстандықтарға коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялады.
"Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр.
Сол себепті әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауы тиіс. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша мұсылман қауымын көпшілікпен өтетін ас-садақа мен жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырады. Ал жамағатпен оқылатын бес уақыт намазға қатысқан жағдайда құлшылықтан кейін қол беріп амандасудан, бір орынға жиналып дұға етуден сақтануымыз аса қажет. Өйткені, құлшылықтан кейін қол алып амандасу намаз шарттарына жатпайды" делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҚМДБ мешітке келушілер қандай сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы да атап өтті.
"Мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз: