Мемлекет басшысы ауырып отырған екі әйелге дәрі апарып берді (ВИДЕО)

07 наурыз, 16:50

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу кезінде тамағы ауырып, жөтеліп отырған екі әйелге қамқорлық танытты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақорда" резиденциясында Мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан қыз-келіншектердің ішінде екеуінің салқын тигізіп алып, жөтеліп отырғанын аңғарған Елбасы оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Президент орнынан тұрып, өз қолымен дәрі апарып берді. Сондай-ақ, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді.