Мемлекет басшысы: Коронавирусқа байланысты әйелдер күніне арналған концерт пен кездесу өтпейді

02 наурыз, 16:00

Қазақстанда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған мерекелік жиын мен концерт өтпейді.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін" делінген жазбада.