Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы апатты жағдайға байланысты комиссия құруды тапсырды

11 қараша, 11:08

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.