Мемлекет халықтың қарызын өтеу үшін 88,5 млрд теңге бөледі

02 шілде, 10:45

Үкімет отырысында республикалық бюджетті нақтылау туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасады.

Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылды: халықтың борыштарын төмендету, оның жұмыспен қамтылуы және үкімет резервін ұлғайту.

А. Смайылов тұтыну несиелері бойынша халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге мемлекет 88,5 млрд теңге бөлетінін баяндады.

"Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар санатына жатқызылған әрбір қарыз алушы үшін тікелей және атаулы қаржылық көмек ретінде мемлекет негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін өтейді. 250 мыңнан астам қарыз алушылар үшін бұл негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда, жалпы қарыз мөлшерін толық төлеуді білдіреді. Қалған қарыз алушылар үшін олардың борышының бір бөлігі 300 мың теңге мөлшерінде өтелетін болады, бұл олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде және борыштық жүктемені төмендетуде елеулі қолдау болады. Осы мақсатта жоба 88,5 млрд теңге сомасында шығындарды қарастырады", - деді Ә. Смайылов.

Фото: ашық дереккөздерден