Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. "Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды" делінген агенттіктік хабарламасында.