27 қаңтар, 16:02
Коронавирустың өршуі және инфекция туралы деректер шұғыл түрде жарияланбаған. Бұл туралы Ухань қаласының мэрі Чжоу Сяньван хабарлады.
"Ақпарат дер кезінде таратылған жоқ, бірақ мені де түсінесіздер деп ойлаймын. Себебі бұл жұқпалы ауру. Тиісті заңға сәйкес, мұндай мәліметтерді жергілікті билік, яғни мен орталық үкімет уәкілеттік берген соң ғана жариялауға тиіспін", - деп түсіндірді ол.
Бұрын хабарланғандай, жаңа вирус тіпті инкубациялық кезеңде де жұғуы мүмкін. Алайда Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығында аурудың өршуі әлі басталған жоқ деп отыр.