​Орыс драма театры «Өмірлік шабыт» сыйлайды

29 наурыз, 11:00

Қай-қайсымыздың болса да көкейімізде балалық шақтың арманы немесе ересек өмірдің мақсаты жататыны айқын. Көбінесе оны жүзеге асыруға уақытымыз да, күшіміз де, қаржымыз да жете бермейді... Дегенмен, негізі тек шабыт қана жетіспей тұрады.

«Ерекше жол» қоғамдық қоры Шымкент қаласының орыс драма театрымен бірге Дамир Каримовтың шығармашылық кешін ұйымдастырмақ. Ол - дипломды психолог, саламатты және экологиялық өмір салтын үйретуші, пианист-импровизатор, саяхатшы, әуесқой астроном, бала кезден мүгедек.


Кездесуде Дамир өз өмірінен ерекше бірнеше оқиға туралы айтып береді және фортепиано мен фантастикалық музыкалық құрал Rav drum-да ойнап береді. Маэстро алдына алып мақсат қойған – барлық көрерменге өздерінің бала кездегі арманын немесе өмірлік мақсатын жүзеге асыруға қажет шабыт сыйлап, өмірлерімізді сәл де болса бақытты ету! Сіздерді 1 сәуір күні сағат 18.00-де орыс драма театрында күтеміз. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 6.
Кіру - тегін.
Анықтама тел: 8-777-574-32-36, 8-707-886-72-06