​Қазақстан мен Өзбекстан астаналары арасында автобус рейсі ашылды

06 наурыз, 10:12

10 наурыздан бастап Астана мен Ташкент қалалары арасында «Ташкент-Астана-Ташкент» бағытында тұрақты автобус қатынай бастайды.

Жолдың ұзындығы – 1646 шақырым, уақыты – 24 сағат 30 минут. Алғашқы уақытта бағытта күніне 1 автобустан жүріп отырады. Уақыт өте келе рейс саны күніне 4 автобусқа дейін көбейеді. Астанадан автобустан жолға сағат 15:00, 16:00, 17:00 және 18:00-де шықса, Ташкенттен 12:00, 14:00, 16:00 және 18:00-де жолға шығады.

Автобустан Қарағанды арқылы өтіп, жолаушылар алады. Жол билетінің бағасы Ташкенттен бір бағытқа 320 мың сумды құрайды (37,17 доллар). Қарағандыға дейін жол билетінің бағасы – 260 мың сум (30,97 доллар).
Өзбекстан тарапынан автобус бағытына Uzautotrans Service ООО, ал Қазақстан тарапынан KazAvtoTrans компаниясы қызмет көрсетеді. Қазақстаннан бұл бағытта VANHOOL, ал Өзбекстаннан YUTONG автобустары қатынайды.
Қазіргі таңда екі ел арасында «Ташкент-Шымкент», «Ташкент-Алматы», «Ташкент-Қызылорда», «Ташкент-Түркістан», «Нукус-Үшқоңыр», «Шыршық-Үшқоңыр» бағытындағы қалааралық автобустар қатынауда. Ал жаңа рейс жетінші автобус бағыты болады.