Көктем - спорт пен велошерулердің мезгілі. Қазақстандағы Өзбекстан жылының құрметіне орай 30 наурыз күні ұйымдастырушылар велосипедке құмар адамдарды шеруге қатысуға шақырады.
Шеру таңғы сағат 9-да Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты алдынан бастау алады. Қонаев даңғылы мен Тәуке хан көшелері арқылы қатысушылар Ташкентке жол тартады. Жібек жолы кеден бекетінде қатысушылар үшін жасыл дәліз болады.
Ташкенттегі Қазақстан Елшілігі ғимаратының алдында шеру мәреге жетеді.
Бағыттың жалпы ұзақтығы 130 шақырымды құрайды.
Бұл шара Өзбекстан астанасы Ташкент қаласын велосипед арқылы аралауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар көршілес елден жаңа достар тауып, шат-шадыман көңіл күйге енуге септігін тигізбек.