Миллионер Кеңес Рақышев өзінің қашып кеткендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды

09 шілде, 16:21

Қазнетте жас миллионер Кеңес Рақышевтің Қазақстаннан қашуы туралы ақпарат тарап кетті. Алайда, ол ресми түрде бұл хабарды жоққа шығарды.

"Желіде 2019 жылдың 6 шілдесінде түнде, мен Кеңес Рақышев Қазақстаннан қашып кеткенім туралы жалған ақпарат тарала бастады. Бұл ашық жалған ақпарат Главк.info, fbi.media сайттарда жарияланды және кейбір әлеуметтік желілердегі аккаунттар дерек көзін тексермей, ақпаратты тарата бастады.

Мен, Кеңес Рақышев, ресми түрде осы ақпарат мүлдем жалған екенін мәлімдеймін.

Қазір менің заңгерлерім іскерлік беделге нұқсан келтіру және жалған ақпарат тарату туралы соттарға талап - арыздар дайындауда (түрме мерзімі бар бап)...", - деп хабарлады Кеңес Рақышев.

39 жасар миллионер Кеңес Рақышев Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері қатарына кіреді, Қазақстан Республикасының РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың күйеубаласы болып табылады.