Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай елінен Қазақстанға келген азаматтарға өтінішін жеткізді, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Мен соңғы 14 күн ішінде Қытайдан және көрші елдерден Қазақстанға келген азаматтардан жергілікті емханаға қоңырау шалып, дәрігерлердің тексеруінен өтуге кеңес беремін. Бұл - сіздің қауіпсіздігіңіз. Егер денсаулығыңыз нашарлаған болса, біз сізді және сіздің отбасы мүшелеріңізді қорғау үшін шаралар қолдана алатын боламыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.