Германияның батысында Қаржы министрінің мәйіті табылды

30 наурыз, 11:01

54 жастағы Томас Шефердің денесі теміржол бойынан табылды. Тергеушілер саясаткер өзіне-өзі қол жұмсады деп болжап отыр.

28 наурызда құтқару қызметінің қызметкерлері федералдық жердің Қаржы министрі Гессен Томас Шефердің (Thomas Schäfer) мәйітін Хоххайм-на-Майне қаласының теміржол бойынан тапты. Тергеушілер Шефер өзіне-өзі қол жұмсады деп болжайды. Гессен премьер-министрі Фолькер Буфье (Volker Bouffier) қаза тапқан министрдің отбасына көңіл айтты.

Шефер 2010 жылдан бастап Гессенде Қаржы министрі қызметін атқарып келген. Оны көптеген саясаткерлер Буфье федералдық жерінің қазіргі премьерінің орнына отырады деп болжаған.