Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елдегі төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемнің кешіктірілгені үшін қазақстандықтар алдында кешірім сұрады.
«Әлеуметтік төлемдер неге ұзақ қаралып жатыр?" деген сұрақтар туындауда. Бұл ретте мен сіздердің алдарыңызда министр ретінде кешірім сұраймын. Бірақ бұл объективті себеп. Әлі күнге дейін үлгере алмаудамыз, себебі бүгінгі таңда 4,9 млн өтініш келіп түсті. Олардың ішінде бір өтінішті бірнеше рет түсіргендер де бар. Бұның бәрін жеке-жеке жинақтап, тексеру қажет", - деді министр.