Нұр-Сұлтанда көпбалалы ана Министрлер үйі маңындағы көпірден секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, әйел азаматы мемлекеттен баспана талап етіп, осындай қадамға барған. Алайда әкімдіктегілер көпбалалы ананың үй алу үшін кезекке тұрмағанын мәлімдеді. Ал заң бойынша баспана кезекке тұрған және тегін үй алуға болатын категорияға жататындарға беріледі. Билік барлық мүмкіндіктерді қарастырып, түрлі бағдарламаларды қолға алып келеді. Бұл мәселе кезегімен шешімін табу үстінде.
Әкімдіктегілер мұндай жолмен баспана талап ету заңға қайшы дегенді алға тартып отыр.
Тұрмыстың жоқшылығынан осындай қадамға бар ананы құқық қорғау қызметкерлері қауіпсіз аймаққа алып шығып, суицидтің алдын алды.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер кісі көпірден секіріп кетпек болды. Кейін анықталғаны, пәтер жалдап тұратын отағасы басында бірнеше несие болып, оны төлей алмағандықтан өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан.