Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайловка селолық округінің Ольгинка ауылында сібір жарасының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
ҚР
ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің
төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша,
"сібір жарасын тіркеу жағдайы
комитеттің тұрақты бақылауында".
Өңірде
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Ғалымжан Адықаликовтың төрағалығымен
денсаулық сақтау, ветеринария, ішкі
істер органдары және төтенше жағдайлар
департаменттері өкілдерінің қатысуымен
сібір жарасы бойынша аумақтық штабтар
жұмыс істейді. Ошақта байланыста болған
адамдарды анықтауға және вакцинациялауға
бағытталған эпидемияға қарсы және
эпизоотияға қарсы іс - шаралар
ұйымдастырылды, - деп атап өтті комитет
басшысы.
Сонымен қатар, Аршалы
ауданының әкімі эпизоотиялық және
эпидемиологиялық ошақтарды оқшаулау
және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын
бекітті.
Бүгінгі күні сібір жарасы
бойынша бес күдікті оқиға тіркелген,
оның ішінде төрт зертханалық расталған.
Жұқтырудың себебі ірі қара малды (сиырды)
мал дәрігерлік куәландырусыз жеке
аулада сою.
Аулаларды аралау үшін
қосымша Ольгинка ауылына 3 медицина
қызметкері жіберілді. Медициналық ұйым
дәрі-дәрмектермен толық көлемде
қамтамасыз етілген.
Айта кету керек,
барлық байланысшылар 2019 жылдың 12-15
тамызы аралығында Аршалы ауруханасының
жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Эпидемиологиялық тексеру 2019 жылғы 2-6
тамыз аралығында жеке аулада ветеринарлық
куәландырусыз сиыр сойылғанын анықтады.
Сиырдың қожайынының айтуынша, оған 5
адам қатысқан.
Қазіргі уақытта
Ақмола облысының Ұлттық сараптама
орталығы облыстық филиалының аса қауіпті
инфекциялар зертханасымен науқастардан
серологиялық зерттеу үшін материал
алынды.
Сондай-ақ мамандары зертханалық
қызметтерінің алғашқы оқиғасы тіркелген
сәттен бастап аурудың ошағынан
материалдар алынды.
Зерттеу нәтижелері
бойынша сәйкес келмейтін сынамалар
анықталмады, бактериологиялық зерттеулерде
3 био және 5 топырақ сынамасы қосымша
іріктелді.
Сонымен қатар, ветеринарлық
инспекция санитарлық қызметпен,
полициямен және медицина қызметкерлерімен
бірге 156 үйді (ішінара қайталаумен), 236
түрлі нысандар мен ұйымдарды аралап,
тұрғындарға 392-ден астам жадынама
таратылды.
Ауланы аралау барысында
медициналық бақылау орнатылған байланыста
болған адамдардың шеңбері анықталды,
күніне екі рет термометрия, тексеру
жүргізіледі.
Үй ошақтарында қорытынды
дезинфекция жүргізілді, төсек әбзелдері
камералық дезинфекция жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 16 тамызында Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ольгинка ауылының тұрғындарына тиесілі
сібір жарасы диагнозының зертханалық
расталуына байланысты Ақмола облысы
Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің
Ольгинка ауылының аумағында карантин
енгізді.
Ақмола облысы Аршалы ауданы
Михайлов селолық округінің Ольгинка
елді мекенінің аумағында ауыл шаруашылығы
жануарларының, көлік құралдарының және
адамдардың жүріп-тұруына (кіруіне және
шығуына) шектеу қойылды.
Өңірдегі
жағдай Комитеттің бақылауында, эпидемияға
қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Сонымен
қатар комитет басшысы азаматтарға
қауіпсіздік пен гигиенаның қарапайым
ережелерін сақтауды ұсынады.