Павлодарлық бойжеткен Қазақстан аруы атанды

03 мамыр, 12:47

"Қазақстан аруы - 2019" жеңімпазы - павлодарлық 20 жастағы Мадина Батық. Сұлу бойжеткен С. Торайғыров атындағы ПМУ студенті.

Жеңіл атлетика, теннис және фитнеспен айналысады. Сайыс жеңімпазы үш миллион теңге, Париждегі шоппинг, көптеген келісім-шарттарға ие болды. Ол сондай-ақ «Әлем аруы - 2019» сайысына қатысады.

Қазақстанның үшінші вице-миссі Нұр-Сұлтан атынан қатысқан Сания Ерғалиева, екінші вице-мисс — Надежда Недосекина болды. Бірінші вице-мисс алматылық Диана Әбішева атанды. Бұлреспубликада өткен 22 ұлттық сұлулық байқауы.