Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап беру кезінде айтты.
Ведомство басшысы заңсыз митингілер еліміздің 7 қаласында өткенін атап өтті.
«21 қыркүйекке дейін ҚР Бас прокуратурасы барлық қалаларда заңсыз митингілерге жол берілмейтіндігі туралы алдын ала ескерту жасаған еді. Сонымен қатар, біздің ведомство да бұл іс-қимылдар заңсыз екенін хабардар етті. Митингілер өтетін орындарға полиция тартылды, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Бұл күні ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жеткізіліп, оның 15-і әкімшілік қамауға алынды және 6 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Қалған азаматтарға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді», - деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы халыққа заңсыз минингілерге қатысу заңға қайшы екенін айтып, үндеу жариялаған болатын.