ҚР ІІМ модулі бұрынғы тәртіпте қайта іске қосылды

09 шілде, 15:27

Қазақстанның Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы режимде жұмыс істеуде. ҚР ІІМ бағдарламалық веб-модулі қалпына келтірілді. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты стандартқа сәйкес келеді

Бұл ретте, осы күнге дейін Алматы мамандандырылған ХҚКО-да қызмет алушылардың шоғырлануы байқалады. Бұл оңтүстік астанада Қазақстандағы ең ірі автонарық орналасқан, сонымен қатар алматылықтардан басқа Алматының мамандандырылған ХҚКО-ларында автокөлікті тіркеуге жақын маңдағы аймақтардың тұрғындары да құқылы болды.

Осыған байланысты үкімет қазақстандықтарға, атап айтқанда Алматы тұрғындарына автокөлікті тіркеп, жүргізуші куәліктерін онлайн түрде электронды Үкімет порталы egov.kz арқылы алуды ұсынады.