​Қазақстаннан қоныс аударған жас отбасы: Біз көшу үшін көлігімізді саттық

28 қаңтар, 16:00

26 жастағы Шухраттың өз отбасымен бірге Стокгольмда тұрып жатқанына үш жылдан асты. Жас жігіт басында жергілікті менталитетке үйрену оңай болмағанын мойындайды, дегенмен, уақыт өте келе жұбайы екеуі үйренісіп кетіпті. Швецияға көшіп бару үшін жас отбасы автокөлігін сатқан. Шухраттың айтуынша, қазіргі жастарда Отанда тұрақты өмір сүруге басымдық берілмейді, сондықтан жұбайы екеуі көшпек болып шешіпті.

«Мен Қазақстанда туып-өстім. Астанадағы Гумилев университетін тәмамдадым, бірақ, тіпті менімен қатар оқыған жастар жақсы жұмысқа орналасу үшін таныстарың болуы керек деді. Сол кездегі қызым екеуміз негізінен кафе және мейрамханаларда тынбай жұмыс істеп, автокөлік сатып алдық. Кейін оны сатып, көшпек болдық.

Ол Отанына визаны создыру үшін ғана келіп кетеді.
«Қазақстанды сүйемін – бұл менің Отаным, мұнда көптеген достарым мен жолдастарым, ата-анамыз қалды! Мүмкін, күндердің бір күнінде қайтып көшіп келерміз, ал әзірге үйге тек құжаттарды ретке келтіру үшін ғана келіп кетемін. Менде Швеция паспорты жоқ, тек виза ғана, дегенмен, мен соның өзімен жұмыс тауып, пәтер жалдап жүрмін. Баспананы табуға танысым көмектесті. Мұнда жастар үшін жұмыс өте көп», - дейді Шухрат.
Швецияда екінші тіл ағылшын тілі саналады, егер оны жақсы білсең, жұмысқа орналасып, жаңа таныстар табуың жеңіл болады. Жас жігіттің айтуынша, егер шыдамдылық танытып, күш-жігеріңді аямасаң, жергілікті өмір салтына үйрену оңай. Швецияда жуырда жас отбасында сәби дүниеге келді.

(Фото Шухраттың жеке парақшасынан алынды)
«Маған үнемі скандинав елдері ұнайтын, сондықтан таңдауымыз Стокгольмға түсті. Мұндағы өмір сапасы жоғары, қазір біз осы елдің азаматы атану үшін қажет құжаттарға қол жеткізуге тырысып жүрміз. Әрине, басында қиындықтарға кездестік, бірақ, соларға төзудің пайдасы бар екенін соңында білесің», - дейді Шухрат.

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан 39 357 адам көшіп кеткен. Бұл 2017 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 11,9%-ға көп, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Елден көшкендердің көбісі ТМД елдерін таңдаған - 35 544 адам (бұған дейін - 31 467). Басқа елдерге 3 813 адам көшкен (бұған дейін - 3 691).
Ал Қазақстанға 2018 жылдың 11 айында басқа мемлекеттерден қоныс аударғандардың саны 2017 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 20,5%-ға азайды, яғни, 11 545 адамға кеміді (2017 жылдың 11 айында Қазақстанға 14 528 адам көшіп келген). Олардың ішінде 9 069 адам Қазақстанға ТМД елдерінен (бұған дейін - 10 370 адам), 2 476 адам – басқа елдерден қоныс аударған (бұған дейін 4 158 адам).
Көшкендердің арасында орыс ұлтының өкілдері көп – 72,6%, немістер – 7,3%, украиндар – 6,6% және қазақтар – 4,3%. Көшіп келгендердің арасында: қазақтар – 53,1%, орыстар – 23,3% және украиндар – 2,8%.
Осылайша көші-қондағы теріс сальдо сақталып қалуда – 27 812 адам, яғни, Қазақстаннан көшіп кеткен адам саны елімізге қоныс аударған адамдардың санынан 27 812 адамға артық.