Жас жүргізуші жүк көлігімен болған сұмдық жол апатынан әрең аман қалды

01 ақпан, 17:50

​АҚШ-тағы Массачусетс штатының тұрғыны сұмдық жол апатынан аман қалды. Жол апаты Дублин түбіндегі 101 тасжолында болған.

Жол апаты орын алған сәт артта келе жатқан көліктің видеотіркегішіне жазылып қалыпты. Кадрдан джиптің бұрылған сәтте жолдың қарсы бағытына шығып кеткені көрінеді.

Сол сәтте қарсы бағыттан келген жүк көлігінің жүргізушісі шетке қашпақ болғанымен, қоршауға тіреліп қалады. Джип келіп жүк көлігінің жанармай багын соққан. Жарылыс болып, Jeep жолдың шетіне шығып кетеді. Сол сәтте оған артта келе жатқан көлік соғады.
Жолы болды деген осы болар, 18 жасар Сэмюэль өртеніп кеткен көлікте мерт болмай, аман қалды. Оны екінші соққан көліктің жүргізушісі сыртқа алып шықты. Жас жүргізуші көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда бұл апаттан басқа адамдар зардап шекпеді.