08 ақпан, 13:31
Астаналық Дидар Сәтпаев пен Лаура Жүнісбекова асып-тасыған тойдың орнына мектеп-интернаттың балаларына мерекелік кеш жасап беруді ұйғарыпты. Жас жұбайлар соылайша қайырымдылық жасауға бірауыздан келіскен. Ал туыстары мұндай ерекше ұсынысты қабыл алып, екі жасқа қолдау көрсетеді.
«Мен үшін ең бастысы – ерекше балғындардың қуанышы. Олар да бізбен бірге қуанып, жақсылығымызды бөліскені маңызды. Біз осындай балғындарға қуаныш сыйлағымыз келді және жастарды миллиондаған ақшаны мейрамханалар мен банкетке емес, қайырымдылыққа жұмсауға шақырамыз», - дейді Лаура Жүнісбекова.
Бұл екі жас еріктілер. Қайырымдылық акциясында танысқан Дидар мен Лаура бірнеше жылдан бері аптасына бір рет балаларға сурет салу және жекпе-жек түрлерінен тегін сабақ өтеді. Сондықтан өмірлеріндегі ең маңызды, қуанышты күні де сол балғындармен бірге болып, қуаныштарын бөлісуді шешіпті. Осылайша жастар үйлену тойларында сыйлық алмай, өздері сыйлық жасады.