Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Сайрам су өзені арқылы Ленгір тас жолы бойындағы көпірді қайта жаңарту жоспарлануда. Осыған байланысты Сайрам су өзені арқылы өтетін көпірге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде көлік құралдарының қозғалысы 2019 жылдың 15 шілдесінен 1 желтоқсанына дейін шектеледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.