Мәскеуде оқытушыға пышақ сілтеген қазақстандыққа үкім шықты

25 сәуір, 12:14

Н.Э. Бауман атындағы МГТУ оқытушысын пышақпен жарақаттаған студентке үкім оқылды, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып, Elitar.kz.

Сот Жаслан Құдайбергеновты төрт жылға бас бостандығынан айырды

Ол бұл мерзімді жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді. ергеу жұмыстары тоғыз айға созылды.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2018 жылдың маусым айының соңында орын алған. Университеттің бұрынғы аспиранты жас оқытушыға дене жарақатын салды. Яғни оқытушының иығы пен ішіне пышақпен бірнеше соққы жасаған.

КТК арнасының хабарлауынша, оқытушы қазақстандықты университеттен шығару туралы өтініш білдірген. Бұл студенттің осындай әрекетке баруына себеп болған. Байқоңыр қаласының тумасы Жасұлан Құдайбергенов сабаққа қатыспағаны және оқу ақысын төлемегені үшін Мәскеудегі мемлекеттік техникалық университеттен қуылған екен.