24 тамыз, 10:55
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мұхтар Аюбаев Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды" делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев 1959 жылдың 22 тамызында Алматы облысы, Түрген ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі ұлы мен қызы бар. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
Аюбаев екі жоғары білім алып, КСРО КГБ Жоғары курстарынан өтті, сонымен қатар еркін күрестен спорт шебері.
Кеңес Одағы кезінде Қарағанды аумағындағы әскери бөлімде қызмет етті.
2004 жылы Аюбаевқа генерал-майор атағы, 2010 жылы генерал-лейтенант атағы берілді.
Мұхтар Аюбаев қызметі мен жұмысы кезінде бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болды. Олардың қатарында екінші дәрежелі "Айбын" және "Даңқ" ордендері, бірқатар медальдар мен "Елбасы қорғаны" төс белгісі және басқалары бар.