16 қаңтар, 13:19
Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және бізідің еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөнінідегі мәселелерді түсіндіру үшін «Қауырт желі» телефон желісін іске қосты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда дейін түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефон нөмірлері бойынша кеңес беруге дайын.
Бұдан өзге 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөліністері кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді жедел қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-офистерінен алуға болады.
«Жолда қабылдау» акциясы шеңберінде және полиция фронт-офистерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиця көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.
«Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан біле аласыздар.