Мәжіліс екі министрлік басшылығына кандидатураларды мақұлдады

17 маусым, 15:00

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутаттар мәдениет және спорт министрлігі мен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшыларының кандидатураларын келісті, деп хабарлайды yunews.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы келісілді. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойып, өз тілектерін білдірді. Сауалнама қорытындысы бойынша Мәжіліс осы лауазымға Ақтоты Райымқұлованы ұсынды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы келісілді. Ол қойылған сұрақтарға табысты жауап беріп, Мәжілістің ұсынысына лайық кандидат атанды.