Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны көрінеу жалған шағым тұсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары бұл фактіні Талғар ауданында тіркеген. 3 ақпан күні Гүлдала ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, үйіне ұры түскенін хабарлаған. Тергеу кезінде ер азамат жалған ақпарат бергенін мойындады. Ол үйіндегі қаражатты ойын автоматтарына жұмсап, отбасылық жанжалды болдырмау үшін үйіне ұры түсті деп шағым түсірген.