Ақтауда адамдар алаңға шықты

04 қыркүйек, 15:20

Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңында бір топ тұрғын жиналды. Олар 55 қытайлық кәсіпорын Қазақстанда салынады деген ақпаратқа нарызылық танытты. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі алаңға әкімдік өкілдері жеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл ақпаратқа қатысты наразылық шеруі елімізде 2 қыркүйек күні бастау алған. Митинг алдымен Жаңаөзен қаласында орын алды. Ал бүгін, 4 қыркүйек күні көптеген тұрғындар Алматы қаласының әкімдігі алдына жиналды.