Президенттік сайлауға әйел адам түседі

24 сәуір, 12:58

"Ақ жол" партиясы Президенттікке кандидат ретінде партия атынан Дания Еспаеваны ұсынатынын хабарлады. Ол - мәжіліс депутаты.

Еспаева Дания Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда ҚазКСР-да туған. Тұрмыста, екі баласы бар. Алматы есеп-несие техникумын (1982), Алматы қаласының қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі: КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасының кредит беру бөлімінің экономисі (1982-1986); КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасының кредит беру бөлімінің аға экономисі (1986-1987); Промстройбанкінің облыстық басқармасы ақша айналымы бөлімінің аға экономисі (1988-1991); "Тұран" СБ Ақтөбе филиалының бас бухгалтері (1992); "Тұран" СБ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары (1992-1995); бас маман, бастықтың орынбасары, М. А. Қазақстан Әлем Банкі Ақтөбе облыстық басқармасының кредит беру бөлімінің бастығы (1995-1997); "БТА Банкі" АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі директорының орынбасары (1998-2005); "БТА Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының директоры (2006-11."Казкоммерцбанк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры (11.2014-03.2016). "Атамекен" Одағы Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі; Ақтөбе облысы өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 жылдары қайта сайланды), "Ақ Жол" ЖК-нен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер (05.02.2016), "Ақ Жол" ЖК-нен ҚР парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).
"Құрмет" ордені (2011); медальдар: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, "Үздік қаржыгер".