Ресейлік оқушылар сахнада тұрғанда олардың үстіне төбе қабырғалары құлап кеткен

24 мамыр, 15:13

№147 Омск гимназиясының акт залында бітіру әні айтылып жатқанда төбедегі сылақ шашыла бастады. Оқиға түлектерді қолдауға келген ата-аналардың камераларына түсіп қалған. Видео «Инцидент Омск» тобында жарияланды.

Кадрларда төбенің бір бөлігі балалардың үстіне құлап кеткені анық көрінеді. Бір оқушы жылап қалған, қалған оқушылар өз өнерін жалғастырып, әндерін соңына дейін айтып шықты.

Видео: "Ресей 24"