28 қараша, 14:29
Шымкент қаласынан Алматыға қарай жолға шыққан автобус жолаушыларына көмек қажет болды.
27 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы "Алматы-Ташкент" жолының 240 шақырымында Қайнар ауылына жақын жерде автобус бұзылып, жолда қалып қойды.
"Yutong " маркалы жолаушылар автобусының салонында 45 жолаушы болған,оның бесеуі - бала. Жолаушыларға көмекке құтқарушылар, жергілікті полиция қызметі мен жергілікті атқарушы органдар келді. 19 жолаушы жолда кетіп бара жатқан көліктерге отырғызылды, ал 26 адам оның ішінде 5 бала Қордай ауылына жедел эвакуацияланды. 08-45 сағатта "Sprinter" шағын автобусымен Алматы қаласына жеткізілді",-деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Ведомствоғылар жолаушыларға медициналық көмектің қажет болмағанын атап өтті.