БҚО-да көлік апатынан ауруханаға түскен төрт жастағы бала көз жұмды

25 қараша, 13:28

17 қараша күні Батыс Қазақстан облысында орын алған жол-көлік апатынан 4 жастағы балаға ауыр халде ауруханаға түскен болатын.

Бүлдіршін жабық бас сүйек ми жарақатын алды. Кеше, 24 қарашада бала Ақжайық ауданының орталық ауруханасының хирургия бөлімінде қайтыс болды.

Бүлдіршіннің өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік апаты таңертең сағат 07:35-те Жаңақала ауданындағы Жангелді ауылының маңында Чапаев-Сайқын тас жолында орын алды.
"Toyota Land Cruiser" жүргізушісі қатты тұман салдарынан бұрылысты байқамай көлік құралының аударылып кетуіне жол берген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы апат кезінде 37 жастағы жүргізушінің ешқандай спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.