15 қаңтар, 16:05
Аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесу «Оңтүстік» шағынауданындағы №34 мектепте өтті. Ғалымжан Ильясов ауданда жарықтандыру және көріктендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Ғ.Ильясов, сонымен қоса, автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын дамыту, бизнеске қолдау көрсету туралы мәлімдеді.
Ғалымжан Ильясов өз баяндамасын аяқтаған соң тұрғындар тарапынан сын айтыла бастады. Жиналғандарды, әсіресе, коммуналды мәселелер толғандырады. Мысалы, өзін аудан тұрғыны және газет қызметкері деп таныстырған азамат әкімнің есебіне «үш» деген баға қоятынын айтты. Ол аудан басшылары берген уәделерін орындамайды деп мәлімдеді.
– «Үш» деген баға да жаман емес. Кейбір әкімдерге ол баға да қойылмайды. Біздің ауданда шешуді қажет ететін бірнеше проблема бар. Біріншіден, Қарабастаудағы жарық мәселесі. Бұл бұл проблеманы 2016, 2017, 2018 жылдары көтердік. Былтыр бұл жұмыстар 2018 жылы басталып, 2019 жылы аяқталады еп уәде берді. Мен, мысалы, музкалық орталықты қоса алмаймын. Электр энергиясының қуаты жетпейді. Ал әйелдер кір жуатын машиналарын қоса алмауда. Бұған қоса біздің көшелермен машинамен жүру қиын. Проблема неде екені белгісіз, біреулердің мұны қолдануы үшін үнемі тендер өткізе беру керек пе? – дейді аудан тұрғыны Ұлықбек Үмбет.
Тұрғынның бұл сұрақтарына жауап берген Ғалымжан Ильясов бос сөзден гөрі нақты фактілерді ұсынуды талап етті. Жарыссөзге шыққан тағы бір тұрғын Татьяна Андрейчикова балаларының мектепте қараңғыда баратынын айтты: «Балаларды мектепте таңертең жіберу қорқынышты. Кешке қайтқанда да солай. Көшелер өте қараңғы. Оған қоса шұңқырларының беті ашық арықтар да бар. Мұнымен қоса №34 мектептің оқытушыларының мәселесін шешуді сұраймын. Олар оқушыларға қол жұмсайды. Біздің балалар 4 сыныпта оқиды. Мұғалімдер өзінің дәрежесін асыра пайдаланып, балаларға қол көтереді!», - деді Татьяна Андрейчикова.
Тұрғындар аудан әкіміне барлық проблемадан хабардар болу үшін халықпен жиі кездесіп тұруды ұсынды.