​Оралда жалғызбасты әке бір жыл бойы 14 жасар қызын зорлап келген

28 мамыр, 17:30

Амангелді Дүйсенбаев алты бала тәрбиелеп отыр. Сырт көзге ол батыр әке, балаларының тамағы тоқ, киімі бүтін. Бірақ шындығында ол өзінің 14 жасар қызын зорлап келген, үлкен қыздарына да көз алартқан, деп хабарлайды Mash.

Барлығы кездейсоқ белгілі болды. Жақында Дүйсенбаев балаларының хаттарын оқып отырып, үлкен қыздарының пәк емес екенін біліп қалған. Ол қыздарды соққыға жыққан. Қыздар шыдай алмай үйден қашып, туыстарына барған. Сол жерде үйде болып жатқан жайттардың бәрін жайып салған. Туысы дереу полицияға арызданады. Зорлықшы әке қамауға алынды.