Нағашы атамнан азғындық көрдім деген бойжеткенге қатысты полиция пікір білдірді

04 қазан, 15:00

Жамбыл облыстық полиция департаменті нағашы атасының азғындық әрекеттері туралы жазған Шу қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты пікір білдірді.

«Мұндай деректің Жамбыл облысы Полиция департаментінде тіркелмегенін, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түрде арыз түспегенін хабарлаймыз. Аталған ақпаратты жазған азаматшаны Жамбыл облысы Полиция департаментіне келуін немесе 43-14-03 сенім телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз»,-делінген департамент хабарламасында.

Еске салсақ, жуырда әлеуметтік желілерде 19 жастағы бойжеткеннің жазғы демалыста нағашы атасының ауылына барып, анасының әкесінен азғындық әрекет көргені туралы қызу талқыланды. Бойжеткен бұл туралы алғаш болып осы тіс жарған, INSTAGRAM желісіндегі парақшалардың бірінде жазба қалдырып, көпшіліктен кеңес сұрады.

«Жасым - 19-да. Шу қаласында тұрамын. Осында оқимын. Осы жазда нағашымның ауылына бардым.

Тамақтанып боп, түсте дастархан жиегіндегі көрпешеге ұйықтап қалдым. Бір кезде төсімді әлдекім ұстап жатқанын сездім. Көзімді ашуға қорықтым. Дереу теріс қарап, жаттым. Ашпадым көзімді. Сосын біраз жаттым да ояндым. Қарасам төбе жағымда нағашы атам ұйықтап жатыр. Арақтың иісі мүңкіп тұр.

Бұрын қатты жақсы көруші едім. Ауылға барғанда құшақтаушы едім. Енді жиіркенемін. Анама ештеңе айта алмадым. Не деймін? Сіздің әкеңіз төсімді ұстады дейін бе? Сосын үлкен айқай шығады ғой. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы?», - деп жазған болатын бойжеткен.