ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол сотталғандарға мекемеде құмар ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Аталған қылмыс 2013-2014 жылдары жасалған және ауыр емес қылмыс болып табылады, осындай қылмыстар бойынша жауапкершілікке тарту мерзімі екі жылды құрайды. Б есімді азаматты сот ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Айыптаудың қалған эпизодтары бойынша ол ақталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.