Экс-министр Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды

16 қаңтар, 12:23

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына ие болды, деп хабарлайды Ақорда.

Қалмұханбет Қасымов 2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болған.

Айта кетейік, Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген Әзімхан Жүсіпов жұмысынан босатылды. Сонымен қатар ҚР ІІМ басшысының орынбасары қызметін атқарған Рашид Жақыпов та қызметінен кеткен болатын.