​Денис Тен ісі: Апелляциялық шағымды қарау басталды

13 наурыз, 16:34

Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша сот алқасында Денис Тенді өлтіруге ісінің үкіміне қатысты түскен апелляциялық шағымдар қарала басталды, деп жазады Elitar.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Қарау барысында айыпталушы Толыбаеваның 6 наурыз күні босанғаны және екінші ұлы ауыр халде екені анық болды.

Сот отырысының басында жәбірленуші тарап екі өтінім жасады. Біріншісі – айыпталушыларға ҚР ҚК басқа, ауыр бабы – өзара келісу арқылы топтасып адам өлтіру бабы бойынша жаңа айып тағу үшін іс материалдарын бөлек өндіріске шығарып, тағы тексеру үшін прокуратураға жіберу.
Екіншісі – бірінші сатыдағы сот процесінде сұрақ-жауап алынбаған, бірақ, түсініктері тергеу барысы үшін өте маңызды адамдарды куәгерлер ретінде сотқа шақыру. Олардың арасында айыпталушы Қиясовтың бауыры да бар. Ол бірінші сатыдағы сот процесі кезінде бауыры және Сәдуов деген азаматқа қарсы куәлік беруден бас тартқан болатын. Денис Теннің анасы Оксана Теннің айтуынша, іс материалдарында айыпталушы Құдайбергеновтың қылмыстан кейін одан 5 мың доллар талап еткені туралы мәлімет бар.
Жәбірленуші тарап бірінші сатыдағы соттың шешімі істің қалай болғанымен сәйкеспейді деп санайды.