Дональд Трампқа импичмент жарияланды

19 желтоқсан, 11:33

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы Трампқа екі бап: өз билігін асыра пайдалану және Конгреске келтіру бойынша импичмент жариялауды жақтап, дауыс берді.

Енді істі қарастырумен Сенат айналысады. Демократтар импичмент жариялауды қолдаса, республикалықтар қарсылық танытты. "Өз билігін асыра пайдаланды" деген айыпқа 230 өкіл келісті. Қарсы болғандар - 197. Соның екеуі демократ. "Конгреске кедергі келтірді" деген айыпты 229 депутат қолдаса, қарсылардың саны - 198. Соның үшеуі демократ.

Президенттің өзі импичмент жария етілетіндей заңсыз ештеңе жасамағанын, тек украин билігінен сыбайлас жемқорлықпен күресті талап еткенін мәлімдеді.