Наурыздан бастап қазақстандықтар жол сапасын смартфон арқылы бақылай алады

19 ақпан, 13:45

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті ағымдағы жылдың наурызында «Азаматтық байқау» мобильді қосымшасын іске қосады. Ол еліміздің құзіретті органдарына қазақстандықтардың елдегі жол төсемелерінің сапасына қатысты сауалдары мен ұсынымдарына жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ведомствоның ресми айтында ақпарат таратылды.

Жолдардағы құрылыс, жөндеу жұмыстарының барысы мен жолдың сапасын Қазақстанның әрбір тұрғыны бақылай алады. Арнайы әзірленген мобильді қосымшада тіркеле отырып, пайдаланушылар фотоматериалдарды, автомобиль жолдары саласындағы жобалардың сапалы іске аспауына қатысты ақпаратты, ақау орындарын жіберуге мүмкіндік алмақ. Ұлттық жол активтері сапасы орталығының сайтында жинақталған ақпарат орталықтың өңірлік бөлімдері мен жергілікті атқару органдарына олқылықтардың жойылуы үшін жолданады. «Азаматтық бақылау» қосымшасы арқылы материал жолдаған пайдаланушының жеке кабинетіне түсірілген арыздың жағдайы туралы хабарлама және олқылықтың жойылғандығын дәлелдейтін фотоесеп келеді.

Қосымшаны әзірлеушілердің айтуына қарағанда, мәліметтер кесте түрінде жиналмақ. Онда елдің белгілі бір өңірі белгіленіп, мәселенің орындалу жағдайы көрсетіледі. Бұдан кейін ақпарат автоматты режимде Қазақстан картасында белгіленеді. Осылайша елдің әр өңіріндегі жағдай бақылауға алынбақ. Қосымшаны осы жылдың наурызынан бастап Android және iOS платформаларында тегін жүктеуге болады.